|
12.12.2019 | 20:34
4362

Алматыда патриоттық әндер кеші өтті

Концерттің ұйымдастырушысы «Ақ орда» республикалық қозғалысы мен «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігі

Алматыда патриоттық әндер кеші өтті Almaty.tv.

Алматыда Тәуелсіздік мерекесін тойлау басталып кетті. Бүгін Жазушылар одағында «Ақ орда» республикалық қозғалысы мен «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен патриоттық әндер кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Патриоттық рух – басты құндылық» жобасы аясында ұйымдастырылған концертте қазақ эстрадасының әншілерімен қатар қаламыздың жас өнерпаздары да өнер көрсетті. Басты мақсат – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Осынау ұлық мерекенің маңыздылығын дәріптеу.

«Көбіне келіп отырғандар жастар. Менің бір риза болатыным қазір еліміздің өсіп келе жатқан жастарының көбі ерекше белсенді. Қоғамдық жұмыста, мәдениет пен спорт саласында болсын, сол өскелең жастарға көп үміт артамыз», - деді «Ақ Орда» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары Қанат МҰСАҒҰЛОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир