|
03.12.2019 | 21:11
1945

Алматыда «Бақ мекен – Жетісу» атты жылжымалы көрме қойылды

Мұражайға қайталанбас тұлғалардың бұрын-соңды еш жерде кездеспеген 100-ден астам жәдігерлері қойылған

Алматыда «Бақ мекен – Жетісу» атты жылжымалы көрме қойылды

Алматы облысының мәдениет күндері аясында қойылған жылжымалы көрме Балпық бидің – 325,  Мұхаметжан Тынышбаевтың – 140, Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойларына арнайы ұйымдастырылды. Мұражайға қайталанбас тұлғалардың бұрын-соңды еш жерде кездеспеген 100-ден астам жәдігерлері қойылған. Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Жетісу жерінен шыққан ұлы тұлғалардың мұрасын қалың жұртшылыққа таныстыру, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Мәскеу қаласында «Ілиястың ізімен» деген бізде экспедиция ұйымдастырылған болатын. Соның аясында біз Мәскеу архивінен Қазақстанда жоқ Ілиястың кітаптарын таптық және де Мұхаметжан Тынышбаевтың жұмыс кезінде қолданылған жазбалары, жарық көрмей қалған жазбаларын әкелдік. Соны бүгін Алматы жұртшылығына көрсетіп жатырмыз», - деді Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мәрлен КӨЛБАЕВА.

Көрмені аралауға арнайы келген меймандар Ілияс Жансүгіровтың мұражайға қойылған «Бақытсыз Жамал» әңгімесі мен «Қуат» поэмасына үлкен қызығушылық танытты. Бұл екі шығарма 2018 жылы Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін қорынан табылған. Осылайша ұлы ақынның қаламынан туған сирек туынды оқырманмен араға 86 жыл салып қауышты.

«Тамаша көрменің куәсі болып жатырмыз. Алматы қаласында Алматы облысының мәдени күндері өтіп жатыр екен, осы көрменге келгенімізге өте қуаныштымыз. Көрермен ретінде бұл көрме біраз күн тұрса да болатын еді, басқа да көрмеген халық келіп кеөріп танысса, мәдени іс шара болатын еді»,  - деді Алматы қаласының тұрғыны Назгүл АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир