|
23.01.2020 | 14:08
9085

Алматы жұртшылығы Есболған Жайсаңбаевты еске алды

Актер 43-ақ жыл өмір сүрген

Алматы жұртшылығы Есболған  Жайсаңбаевты еске алды Almaty.tv

«Ол нағыз сахна шебері еді...» Бүгін Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актер Есболған Жайсаңбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай, ұйымдастырылған дөңгелек үстел басында көзін көргендер осылай деп еске алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұлттық кітапхана төрінде өткен басқосуда алдыңғы қатарлы театр және кино актерлары мен Есболған Ботабайұлының достары мен замандастары жиналды. Небәрі 43 жасында жарық дүниеден озған талант иесі бірнеше сахналық қойылымдар мен көркем фильмдерде басты рөлдерді сомдаған.

«Еңлік Кебекте» қойшының баласын ойнады. Керемет шықты. Еңліктің баласын құшақтап жылағанда, шынында бұл трагедияның ең шыңына жеткізе білді. Содан кейін оған қомақты рөлдер бере бастады», - деді ҚР Халық әртісі Нүкетай МЫШБАЕВА.

Есболған Жайсаңбаев көзi тiрiсiнде «халық әртiсi» атағын алмай кетсе де, артында өшпес мол мұра қалдырды дейді, көзін көргендер. Табиғатынан аңқау, адал да, ақ көңіл жандардың күлкілі қылықтарын көңілге ұялар тартымдылықпен кескіндеу Жайсаңбаевтың актерлік болмысына тән қасиет еді. Ол 1976 жылдан бастап бірнеше фильмге түсті. «Спорт саңлағында» Сәрсенбаевты сомдаса, «Доланада» Прорабтың рөлінде ойнады. Кейінен  «Ақ бақсы» фильмінде Ятчель бейнесімен ел есінде қалған.  

«Бұлар – қазақ өнеріне жарқ етіп ерекше қолтаңбамен, өзінше ізденіспен, актерлік дарынмен келген актерлер. Өмірі қысқа болды деп өкініп жатамыз. Бірақ сол қысқа өмірдің өзінде қаншама іс тындырып кеткені болашақ ұрпаққа үлгі. Есболған – өнерде үлкен із қалдырған дарынды актер», - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Әубәкір РАХИМОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир