|
15.10.2019 | 21:58
2442

Алматыда «Текті сөздің төресі – терме» атты қалалық байқауы өтті

Жүзден жүйрік жеңімпаз республикалық байқауға жолдама алады

Алматыда «Текті сөздің төресі – терме» атты қалалық байқауы өтті

Алматыда қала әкімінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Жастар жылы» аясында «Текті сөздің төресі – терме» қалалық байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Байқаудың мақсаты - халық арасында ұлттық мұрамызға және рухани құндылықтарымызға деген қызығушылықты арттыру.  

Байқауда қаламыздың сегіз ауданынан 24 термеші бақ сынады. Қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін Отан, ел бірлігі және тіл тақырыбында әуелетті.

«Үлкен жақсы байқау болып жатыр. Бақ шаба ма, бап шаба ма көрерміз. Теріп алған дүниені терме дейді ғой. Өзіміздің дәстүрлі әнімізді, жырымызды, халық әндерімізді насихаттай берейік», - деді қатысушы Аманжол ДАУЫЛБАЕВ.

Көмейіне бұлбұл ұялаған өнерпаздардың шеберлігіне тіл мамандары мен жыршы-термешілер төрелік етуде.  

«Байқаудың негізгі мақсаты – әсіресе, жастар арасында сөз өнерін, оның ішінде қазақтың ұлттық терме өнерін  насихаттау. Сол арқылы біздің шұрайлы, қасиетті қазақтың бай тілін насихаттау»,- деді Алматы қаласы әкімдігі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының бас инспекторы Бақыт ӘБИІРҰЛЫ.

Белгілі жыршы-термешілер баланың мектепке алғашқы қадамы ұлттық құндылығымыз термеден басталуы керек деген пікірде.  Бастауыш сыныпта терме тыңдап өскен баланың болашағына үлкен үміт артуға болады дейді.

«Біз тыңдаушыны мектеп қабырғасынан қалыптастыруымыз керек. Себебі, бізде музыка мектебі мектеп қабырғасында баяғы советтік жүйемен қалып қойған. Өйтуге болмайды. Егеменді ел болдың ба өзіңнің тарихыңды, өз тамырыңды тануың үшін сен біріншіден халық әндерімен өссе мектепте біздің он жылдан кейін тыңдарманымыз дайын деген сөз», - деді дәстүрлі әншіТілеулес ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Байқау жүлдегерлері мен жеңімпаздарына арнайы диплом мен қомақты қаржылай сыйлық табысталады. Жүзден жүйрік жеңімпаз республикалық байқауға жолдама алады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир