|
27.06.2019 | 23:59
6651

Димаш Құдайбергеннің елордадағы концертінде 27 ән шырқалады

Кешке 1200 метр матадан 150 сахналық костюм тігілді

Димаш Құдайбергеннің елордадағы концертінде 27 ән шырқалады

29 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Димаш Құдайбергеннің «Арнау» атты жеке концерті өтеді. Концерттің дайындығына 500-ден астам жоғары кәсіби маман тартылды.  Кешке 1200 метр матадан 150 сахналық костюм тігілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғары деңгейдегі қойылымдық нөмірлер үшін балет группасына халықаралық алаңдарда өнер көрсетіп жүрген еліміздің ең үздік бишілері мен акробаттары тартылды. Оның ішінде, «Notre dame de Paris» мюзиклінің әртістері, «Танцы на ТНТ» жобасының қатысушылары және батуттық  гимнастика бойынша спорт шеберлері бар.  

«Концертке дайындық мерзімінде  әуеде жалпы қашықтығы 150 мың шақырымды құрайтын 50 рейс жасалды. «Арнау» концерті үшін 200 кВт дауыс, 600 шаршы метр лэд-экран, 1000 жарық құрылғысы қолданылады», - деп атап өтті «Қазақстан» РТРК» АҚ Коммерциялық директоры Жаннұр Айдарбекова.

Сондай-ақ, 29 маусым күні концерт алдында, сағат 19:35-те  «Qazaqstan» Ұлттық арнасы тікелей қосылымға шығатынын жеткізді. Ал, концерттің теленұсқасы 6 шілдеде көрсетіледі.

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин «Арнау» кеші - музыкалық әсерге негізделген жанды көрініс,  тірі дыбыс, ерекше сахналық қойылым екенін атап өтті. Концерт сценарийіне 27 ән енгізілген, сондай-ақ, жаңа альбомына енген таңдаулы 5 әні бар.

Концерт ұйымдастырушыларының айтуынша, кеш билеттерін әлемнің 64 елінен 10 мыңға жуық тыңдарман сатып алған. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия, Швейцария, Малайзия, Сингапур, Африка, Египет, Израиль және Марокко сынды алыс мемлекеттердің тыңдармандары бар.  Шараның әлемдік маңызын ескере отырып, жобаға қазақстандық ірі -  Air Astana, Forte Bank, Kcell компаниялары қолдау білдірді.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир