|
29.07.2020 | 13:59
2794

Данэлия Төлешова America’s Got Talent байқауының үшінші турына өтті

Қазір ол ІІІ-турға дайындалып жатыр, бірақ оның қашан болатындығы және қандай форматта өтетіндігі, әзірге әлі белгісіз

Данэлия Төлешова America’s Got Talent байқауының үшінші турына өтті  Фото: ашық дереккөзден

America's Got Talent шоуының қазылар алқасы "жасыл" тетікті басып, Данелия Төлешованы үшінші кезеңге автоматты түрде өткізді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық әнші атақты жобаның үшінші кезеңіне ән салмай-ақ өтіп кетті.

Пандемияға және жобаға қатысушылардың әлемнің түкпір-түкпіріненболуына байланысты ІІ-тур онлайн режимде өтті. Жобада Данелия мен басқа да үздік өнерпаздардың талантына шек келтірілмегендіктен, олардан ІІ-турда өнер көрсету талап етілмеді.

Қазір ол ІІІ-турға дайындалып жатыр, бірақ оның қашан болатындығы және қандай форматта өтетіндігі, әзірге әлі белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының соңында қазақстандық әнші Данелия Төлешованың America's Got Talent шоуының І-турында өнер көрсетіп, видеосы желіде жарияланды. Ол кезде көрермендер де, қазылар алқасы да жас жұлдыздың дарынына тәнті болып, зор қошемет көрсетті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир