|
27.10.2020 | 14:21

Әйелдер нені армандайды: «Almaty» телеарнасы «Өткінші жаңбыр» телехикаясының тұсауын кесті

Көрермендер «Алматы» арнасының эфирінен 2 қарашадан бастап кешкі сағат 20:40-та көре алады

Әйелдер нені армандайды: «Almaty» телеарнасы «Өткінші жаңбыр» телехикаясының тұсауын кесті Almaty.tv

«Алматы» арнасы жаңа маусымда өз көрерменін жаңа телехикаямен қуантпақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Отбасыңызбен отырып көретін драмеди жанрындағы туындының сценариі өмірдегі өзекті әлеуметтік мәселелерге негізделіп жазылған. Басты кейіпкерлер Жанар мен Ажар қазіргі әйелдер қауымының жағдайын сипаттап көрсетеді. Әйелдерге артылған тұрмыстық жүктен бөлек, қоғам білімді, алғыр маман болуды да талап ететіні рас. Телехикая 12 бөлімнен тұрады. Кинода көрермен сүйіктісіне айналған Салтанат Бақаева, Алмат Сақатов сынды танымал актерлер өнер көрсетеді. Өмірдің шытырман оқиғасына толы телехикаяны көрермендер «Алматы» арнасының эфирінен 2 қарашадан бастап кешкі сағат 20:40-та көре алады.

«Жалпы әр адамның басында проблемлар болады. Сол проблемалар сол сәтте қиын, шешімін таппайтындай болып көрінеді. Біздің көрсеткіміз келгені ол мәселелер өткінші жаңбыр секілді өтеді де кетеді. Одан кейін артынан күн шығады. Өмір жаңа бояулармен, қанық бояулармен қоялады деген философия бар мұнда», – деді «Өткінші жаңбыр» телехикаясының продюсері Ай-Керім Самалбекқызы.

Bólisý


Janalyqtar tizbegi

Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!