|
16.06.2022 | 14:41
843

«Бай қуатты болайық»: Алматыда белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған көрме өтті

Көрмеге журналистің эфирге киген киімдері, жеке қолжазбалары және мемлекеттік наградалары қойылды

«Бай қуатты болайық»: Алматыда белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған көрме өтті Almaty.tv

Алматыда белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған «Бай қуатты болайық!» атты көшпелі көрме өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Негізгі мақсат – телевизия ақтаңгерінің шығармашылығы мен өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету. Көрмеге журналистің эфирге киген киімдері, жеке қолжазбалары және мемлекеттік наградалары қойылды. Шараға белгілі қоғам қайраткерлері  қатысып, естелік әңгімелер айтты.

«Қазақта сөз бар, әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін дейді. Осы ағамызбен қоян-қолтық араласып, бірге жұмыс істеген әріптестері, замандастары, халқы бар да бұл кісінің есімі ел есінде мәңгі қаларына сенеміз», – деді Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Әлиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир