|
10.08.2022 | 15:32
812

«Білімдіден шыққан сөз...» – Ұлттық кітапханада Абай мұрасы дәріптелді

Қонақтарға «Абай сәулесі» атты кітабы сыйға тартылды

«Білімдіден шыққан сөз...» – Ұлттық кітапханада Абай мұрасы дәріптелді

Ұлы ақынның мұрасын дәріптеу елдің ұлттық кітапханасында жалғасты, деп хабарлайды Almaty.tv.


«Білімдіден шыққан сөз...» атты мерекелік іс-шараға белгілі театр әртістері қатысып, көпшілікке қойылымнан үзінді көрсетілді. Сондай-ақ қонақтарға профессор Болат Жүнісбековтің «Абайдың ақын ұлдары» және «Абай сәулесі» атты кітабы сыйға тартылды.

«Өздеріңіз білесіздер, кітапханада 2 жыл бұрын «Абай әдеби орталығы» ашылды. Сол орталықта  күнделікті іс-шара өтеді.  Абай атамызға арналған іс-шаралардың  тұсаукесері, кездесулер өткізіп келеміз», – деді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова.

«Абай біздің жастарға үлкен үміт артты. Өздеріңіз көріп отырсыздар, бүгінгідей дүрбелең заманда да  Абайдың бізге айтатын аманаты сол – алдымен жастарымыздың білімді, ғылымды меңгерсін. Сонда ғана біздің еліміз басқа өркениетті елдердің сапында алдынғы қатарда болады»,– деді жазушы, абайтанушы Болат Жүнісбеков.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир