|
27.06.2022 | 20:38
1728

«Қайсар рухты ақын»: Алматыда Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті

Кеште ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, өлең жолдары оқылды

«Қайсар рухты ақын»: Алматыда Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті Almaty.tv

«Қайсар рухты ақын». Алматыда осындай атаумен Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шараны зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана ұйымдастырды. Кеште ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, өлең жолдары оқылды.  

«Менің шығармаларым 200 мемлекеттің тіліне аударылған. Содан кейін ЮНЕСКО, барына баға беріп отыратын ЮНЕСКО менің поэзиямды бүкіл әлемдік поэзияның ең биігі деп атады», – деді Қазақстанның Еңбек ері Мұхтар Шаханов.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін кітапхана оқырмандарына брайль қарпіне аударылған кітаптарды ұсынып келген. Енді Мұхтар Шахановтың шығармалары да нашар көретін жандарға қолжетімді.

«Біз оқырмандарға брайль қарпіне, тіліне аударылған кітаптарын таныстырамыз. Мақсат –  оқырмандар арасында наихаттау. Кейінгі ұрпақта жұмыстарымен таныстыру үшін іс-шара ұйымдастырып жатырымз», – деді Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры Асхат Байұзақов.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир