|
28.06.2022 | 21:09
924

«Домбыра -қазағымның қазынасы» – Алматыда музыкалық-сазды кеш өтті

Іс-шараны Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана ұйымдастырды

«Домбыра -қазағымның қазынасы» – Алматыда музыкалық-сазды кеш өтті Almaty.tv


«Домбыра -қазағымның қазынасы». Алматыда осындай атаумен музыкалық-сазды кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аталмыш іс-шараны Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана ұйымдастырды. Мәдени жиынға қонақ ретінде дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова мен ұлттық аспаптар шебері Жолаушы Тұрдығұлов шақырылған. Кеште дарынды жастарымыз күмбірлеген күйді көрермендерге тарту етті. Ұлттық аспабымыз домбыра күні елімізде биыл төртінші жыл қатарынан тойланып жатыр.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дегендей бүгін кітапханамызда ұлттық домбыра күніне «Домбыра -қазағымның қазынасы» атты музыкалық әдеби кеш өтіп жатыр. Кешіміздің мақсаты – ел ертеңі жастардың ұлттық сана сезімін ояту. Оларды ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызықтыру», – деді кітапхана қызметкері Айнұр Балаубаева.

«Бүгінде менің мектебімде, алпыстың үстінде бала тәрбиеленіп жатыр. Олардың домбыраны ғана үйреніп қоймай,  ән айтады. Сол арқылы балалардың бойындағы ұлттық рухын оянып, тәрбилеп жатырмыз. Бұл біздің болашақтағы жемісіміз деп ойлаймын», – деді дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир