|
31.03.2020 | 14:36
8945

Аллергиядан зардап шегетіндер коронавирустың таралуы кезінде сақ болуы керек – дәрігер

Бүкіл әлемде COVID-19 коронавирусының инфекциясы таралуына байланысты биылғы көктем ерекше болып тұр

 Аллергиядан зардап шегетіндер коронавирустың таралуы кезінде сақ болуы керек – дәрігер mk.ru

Бүкіл әлемде COVID-19 коронавирусының инфекциясы таралуына  байланысты биылғы көктем ерекше болып тұр. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Республикалық аллергологиялық орталығының жетекшісі, м.ғ.д., жоғары санаттағы дәрігер Динара Талғатбекова маусымдық аллергиясы бар, тыныс жолдарының созылмалы аллергиялық ауруларына шалдыққан адамдарға коронавирустың таралуына байланысты жоғары қауіп төнуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Динара Жеңісбекқызының айтуынша, мұрын-жұтқыншақ – вирустар мен аллергендердің негізгі кіру қақпасы. Қауіпті агенттердің алғашқы кедергісі болып табылатын мұрын-жұтқыншақтың сілемейлі қабығына ерекше назар аудару қажет. Тыныс жолдарының созылмалы аллергиялық қабынуы пациенттің сілемейлі қабығын вирустарға осал етеді. Сондықтан көктем мезгілінде, әсіресе сәуір айының аяғында, мамырда, ағаштар шаң баса бастағанда, мегаполис тұрғындары сақ болуы керек.

Мұрын қуысы өзінің сілемейлі қабығымен үнемі вирустармен күресіп, мұрын арқылы өтетін ауаны тазартып отырады. Оған әртүрлі бактериялар, вирустар, шаң жиналады. Вирус инфекциясы ағзаға тыныс алу жолымен еніп, тыныс алу жолдарының жасушаларында  –  көмей, трахея, бронхтарда жиналады. Бұл аллергеннің сілемейлі қабыққа оңай енетіндігін білдіреді. Иммунитет әлсіреген кезде зақымдалған сілемейлі қабықтар арқылы вирустар мен аллергендер организмге зиян келтіреді. Егер вирусқа көктемдегі өсімдіктер мен шөптердің гүлденуіне байланысты аллергия қосылса, науқастың жағдайына әсер етуі  мүмкін.

Сондықтан инфекция аллергияның барысын, ал аллергия вирус инфекциясының ағымын нашарлатады.  Ең қарапайымы – мұрынды,  ауызды және тамақты тұзды сумен шаю. Бұл таңертең тісті тазалау сияқты. Біз тістерімізді кешке де тазалаймыз, қолымыздыда күніне бірнеше рет жуамыз, мұрынның сілемейлі қабығымен де солай жасау керек. Вирус инфекциясы кезінде мұрын-жұтқыншақтың уақтылы емделмеген аурулары (синуситтер, фарингит) ауыр асқынуға әкелуі мүмкін.

Аллергиясы бар науқас, әсіресе, қазір өсімдіктердің гүлдену кезеңінде аурудың белгілері мен ауырлығын бақылау үшін дәрігердің тағайындаған терапиясын қабылдауы керек. Вирустар әрдайым аллергиялық аурулардың, әсіресе бронх демікпесі өршуінің арандатушысы ретінде әрекет етеді.

Бронх демікпесі болған жағдайда пациент дәрігер тағайындаған негізгі қабынуға қарсы терапияны алуы керек, сонымен қатар, вирустық/бактериалды инфекциясының қосылу ерекшелігін  ескере отырып, емдеуде вирусқа, бактерияға қарсы, иммуномодуляторлық дәрі-дәрмектерді қолдануға болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир