|
24.02.2020 | 15:08
1731

Балалар неврологиясының бұзылуына ең басты себеп – генетикалық мутация

Екіншісіне мидың ісігі, алған жарақаттар немесе тұқым қуалайтын ауру түрлері жатады

Балалар неврологиясының бұзылуына ең басты себеп – генетикалық мутация almaty.tv

Балалар неврологиясының бұзылуына ең басты себеп – генетикалық мутация. Мұндай мәлімдемені әлемнің нейрогенетика саласының сарапшылары жасады  деп хабарлайды Almaty.tv арнасының тілшісі.

Қаламызда өткен V ғылыми конференцияда отандық дәрігерлермен қатар Италия, Ресей, Украина және Әзірбайжан елінің ақ халаттылары бас қосты. Қазақ медициналық универститеті Балалар неврологиясы кафедрасының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада шетелдік қонақтар мен отандық мамандар тәжірибе алмасып, жүйке-жүйесі ауруын емдеудің жаңа жолдарын қарастырды.

«Өтіп жатқан конференциямыз – оныншы халықаралық конференция. Бұған жан-жақтан мамандар келіп, жүйке-жүйесіне зақым келген балалардың қазіргі жағдайына   талдау жасап, ары қарай емдеу жолдарын анықтап, оңалтуын жұмыстарын жүргізу  сияқты сұрақтарды көтеріп отыр», – дейді   медицина ғылымдарының докторы Шолпан БӨЛЕКБАЕВА.

Конференцияның мақсаты – отандық дәрігерлердің біліктілігін арттырып, балалардың жүйке-жүйесін емдеудің тың тәсілдерін шетелдік мамандардан үйрену. Шара соңында мамандар конференция шешімін  еліміздің денсаулық сақтау министрлігіне жолдады.

«Балалар жүйке ауруларының негізгі екі себебі бар: олар генетикалық және жүре пайда болатын факторлар. Екіншісіне мидың ісігі, алған жарақаттар немесе тұқым қуалайтын ауру түрлері жатады. Генетикалық мутацияны  зерттеудегі соңғы нәтижеміз  бойынша, көптеген аурулардың бастауы болып отыр»,  – дейді италиялық профессор, неврология бөлімінің меңгерушісі Федерико ВИГЕВАНО.


Қуан Нұрақын

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир