|
14.01.2019 | 09:48
1714

«Тақтар ойыны» телесериалының соңғы маусымы қашан көрсетілетіні белгілі болды (ВИДЕО)

HBO телеарнасы әйгілі «Тақтар ойыны» телесериалының соңғы сегізінші маусымының тизерін жариялады. Онда көптен күткен туынды биыл 14 сәуірден бастап көрсетілетіні хабарланған.

Айта кетейік, телесериал америкалық фантаст-жазушы Джордж Мартиннің «A Song of Ice and Fire» (Мұз бен от әні) романының негізінде түсірілген. Фильмнің алғашқы маусымы 2011 жылы көрсетілген болатын.

Телесериалдың жарыққа шыққан 7 маусымы 38 рет «Эмми» жүлдесін алған. Соңғы рет 2018 жылы осы жүлденің «ең үздік драмалық сериалы» деген номинациясы «Тақтар ойынының» командасына берілді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир