|
15.01.2019 | 09:50
2053

Денис Теннің ісі бойынша күдікке ілінген бойжеткенге шетелден қоңырау шалынған

Денис Теннің қоршаған ортасы айыпталушы Жанар Толыбаевамен байланысты.

Бұл нұсқаны сотта қаза болған спортшының анасы Оксана Тен ұсынды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Осы телефон қоңыраулары бойынша өтініш бергім келеді. Бұл келесі тыңдалымға дейін болуы мүмкін. Мұнда Денистің айналасындағылардың байланысы болғандықтан, ол нөмірлердің кімдікіне сәйкес келетінін анықтап алуым керек», – дейді Оксана Тен сотта.

Оксана Теннің айтуынша, 2018 жылдың сәуір айынан бастап күдікті Жанар Толыбаева шетелден үнемі хабар алып, белгісіз тұлғалармен сөйлесіп тұрған.

«25-сәуір күні 21.54-те Толыбаева Еуропаға қоңырау шалған», – деді Оксана Тен. Ал айыпталушы оның еуропалық нөмір емес, мүмкін Қырғызстаннан немесе Өзбекстаннан қоңырау шалынған шығар деп жауап берді.

«Оның қай елге қоңырау шалғанын тексерулерін сұраймын. Бұл еуропалық ел, нақтырақ айтсақ Швейцария. Шығыс және кіріс қоңыраулар болған. Сен біреуге қоңырау шалдың, содан кейін олар саған қайта телефон соқты. Сен біреуге басқа нөмірден қоңырау шалғанда, олар бірден саған қайта хабарласты», – деп мәлімдеді Оксана Тен.

Денис Теннің анасының қолындағы қоңырау деректеріне сәйкес, Толыбаева 24 сәуірден бастап кіріс қоңырауларын қабылдаған. Сондай-ақ, айыпталушы 25 сәуірде белгісіз тұлғаларға телефон шалған көрінеді.

«6 мамырда 3, 5, 7, 20 шілдеде қоңыраулар болған. Кіріс және шығыс қоңыраулар болды. Бір түрлі мезгілдік қоңыраулар түскен және шығыс қоңыраудан кейін, оған біреу хабарласқан. Сіздерден оған кімнің қоңырау шалғанын анықтауды сұраймын. Соңғы қоңырау ол лақтырып жіберген SIM-картамен жасалған. Ол біреуге қоңырау шалды және одан кейін оған ешкім қайта телефон соққан жоқ», – деді Оксана Тен.

Айта кетсек, бұған дейін Денис Теннің өлімі бойынша жауап беріп жатқан күдікті бұл өлімнің тапсырыс емес, тағдыр екенін айтып, спортшының анасынан кешірім сұраған болатын.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир