|
26.04.2018 | 11:07
2752

1-15 мамыр аралығына арналған іс-шаралар

Алматылықтар мен қала қонақтарын мамыр айында қызықты іс-шаралар күтіп тұр.



«Музей разбитых сердец» 
01 мамыр 19:00
ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы
Көрмеге ерекше өнер туындылары қойылады. Бұл туындылар шынайы махаббаты бейнелеп тұрғандай көрінеді.  

«Ұлы мен ұры»
2 мамыр 18:30
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Спектакль Оқиға қарт ғалымның  үйіне ұры түсуден басталады

«Кости, оливки и самолеты» 
3 мамыр 19:00
"Esentai Mall" сауда орталығы
Көрмеге қазақстандық суретші Рашид Нүрекеевтің 30-дан астам туындысы қойылады  

«Өз елім» концерттік кеші
4 мамыр 19:00
Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармония 
Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрі өнер көрсетеді

"Мен сені сүйем, өмір" 
5 мамыр 19:30
Республика Сарайы
Роза Әлқожаның ән кеші

«Бір түп алма ағашы»
6 мамыр 18:30
Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры 
Қойылымда отбасылық құндылықтардың құлдырауы бейнеленеді

«Белоснежка на Льду»
6,7 мамыр 12:00; 15:00; 18:00
Алматы Арена 
Мұз шоуы 

«Ана – Жер Ана»
8 мамыр 17:30, 
Мемлекеттік Қуыршақ Театры
Қойылымда Ұлы Отан соғысының ауыр қасіреттері суреттеледі   

«Ән мен әнші» 
9 мамыр 19:00
Республика Сарайы
Кеште қазақ эстрада жұлдыздары әннен шашу шашады 

«Адал жар»
10 мамыр 19:00
М.Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театры
Өткен ғасырдың бас кезіндегі ағылшын отбасының қызықты, әрі бір жағынан өнегелі оқиғасы, онда ақылды әйел күйеуінің опасыздығына және ақсүйек ортасындағы жандардың тиісулеріне талғамды жауап қайтарады.

«Құстар фестивалі»
11 мамыр 18:30
Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры 
Спектакль – адамзат пен қоғам пайда болғаннан бергі, кеңінен орын алған теңсіздік, әлділердің әлжуаздарды билеп-төстеуі, соның нәтижесінде туындайтын пендешіліктің адами қасиеттермен тартысы жайлы болмақ. 

«Сағыныш шөбі»
12 мамыр 11:00
Мемлекеттік Қуыршақ Театры
Қойылым – Дешті-Қыпшақ ұланы, он жасында жетім қалып, құлдыққа өзге елге сатылып кеткен қатардағы құлдан Мысыр елінің билеуші дәрежесіне дейін көтерілген, тағдыры өте күрделі Сұлтан аз-Захир Бейбарыстың өмірбаянын суреттейді. 

«Буратино»
13 мамыр 12:30,
Мемлекеттік Қуыршақ Театры
Ағаштан жасалған бала жайында

«Любовь по понедельникам» 
14 мамыр, 19:00, 
М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры 
Романтикалық комедия


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир