|
14.04.2018 | 16:14
2494

100 жаңа оқулық: биыл 30 кітапты аудару көзделуде

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Алматыдағы белсенді жастардың пікірінше, бұл студенттер ғана емес жалпы халықтың білімін шыңдап қана қоймай, қазақ тілін дамыта түспек. Биыл жоба аясында әлемдегі ең үздік университеттерде қолданылатын 30 құнды кітапты аудару көзделіп отыр. Ал қалғандары келер жылы, кезең-кезеңмен тәржімаланады. Жаңа оқулықтар көпшілікке кітап түрінде, электрондық онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің видеотекасы сияқты үш форматта қол жетімді болады. Қазақ жастары қазірдің өзінде аударылған 18 кітапты оқуға ерекше құлшынып отыр.

«100 оқулық» бағдарламасы бойынша біз бұрын тек ағылшын тілін білсек, не болмаса, басқа әлемдік тілдерді білген болсақ, қазір қазақ тілінде ғана оқи отырып біз әлемнің ең үздік авторларын, ең үздік туындыларын біле алатын боламыз. Бұл жастарға жаңа серпін береді және қазақ тілін одан әрі дәріптеп, үлкен көмегін береді деген ойдамыз», - деді «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі Әбілқайыр ҚАНАЛИ.

«100 Жаңа оқулық» атты бағдарламысының біздің жастарға берері өте мол. Өйткені, еліміздің болашағы жастардың қолында болғандықтан, жастарымыздың сапалы білім алуы өте маңызды мәселе болып табылмақ. Сондықтан бұрынғы осы уақытқа дейін әлемдік авторлардың гуманитарлық және ғылыми бағыттағы кітаптары солардың тілдерінде оқылған болса, ал қазіргі таңда осы бағдарламаның арқасында өзіміздің тілімізде, яғни қазақ тілінде оқылмақ», - деді Алматы теміржол көлігі колледжінің студенті Талшын БЕЙСЕНБЕК.

«Бұл мега жоба деп те айтқым келеді, ерекше сәттер деп те айтқым келеді. Себебі, бұл әрбір тілдегі, мысалы - испан, француз, ағылшын тілдеріндегі әлемдік брендке ілінген авторлардың кітаптары қазақ тілінде, өзіміздің ана тілімізде аударылатын болды. Оның ішінде аударылуы мүмкін, мысалы, бізде Дейл Карнегидің, Робин Шарманың, ең басты Роберт Кийосакидің кітаптары. Мен өзім осы авторлардың кітаптарын орыс тілінде сүйіп оқығанмын. Оқимын да. А, енді қазақ тілінде оқу маған ерекше патриоттық сезім алып келеді», - деді «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі Жасұлан МЕЙІРХАНҰЛЫ.

«Біз осы 100 жаңа кітапты оқып, қазақтың жастарының, студенттерінің білімін жетілдіруге тырысамыз. Қазіргі таңда осы 100 кітаптың 18-і аударылды. Нақты аударылып, біздің Қазақстанға келді. Біз сол 18 кітапты оқып білуге тырысамыз», - деді Орта Азиялық техника-экономикалық колледжінің студенті Қанат ТОҚТАРОВ.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир