|
22.10.2018 | 10:00
912

Жаңа әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

WBO бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраде қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекке шығуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Sports.kz мәлімдеуінше, Андраде аузына келгенін сөйлеп, ойын ашық жеткізген. Сондағы айтқысы келгені мынау екен: Головкин одан жеңіліп қалғысы келсе, сондай мүмкіндікке ие болады.

Естеріңізге сала кетсек, Деметриус Андраде Уолтер Каутондоквaға (Намибия) қарсы кездесуде төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетіп, WBO белбеуін иеленген. Жекпе-жек барысында африкалық төрт рет нокдаунға түсіпті, соған қарамастан Андраде кездесуді мерзімінен бұрын аяқтай алмаған.

Бұдан бұрын Деметриус қазақстандық боксшымен кездескісі келетінін мәлімдеген болатын, бірақ ол кезде Головкин WBA Super, WBC, IBF және IBO белбеулерінің иегері еді.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир