|
10.12.2018 | 10:14
1886

«Қар және жаңбыр». Аптаның басында ауа райы қандай болады?

Қар мен жаңбырдан бөлек, елімізде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қазақстан аумағына оңтүстік циклон әсер етіп, салдарынан оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және солтүстік өңірлерде жауын-шашын түседі.

«Еліміздің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді», — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар бойынша комитет.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23, ұйытқуы 28 м/с, түнде және таңертең кей жерде тұман, көктайғақ.

Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі. Атырау облысында — кей жерде көктайғақ.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с. Жамбыл облысында кей жерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с.

Ірі қалаларда ауа райы қандай болады?

Астанада дүйсенбі күні қар жауады, күндіз ауа температурасы —7 градус аяз.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы +2 градус жылы.

Үшінші ірі қала Шымкентте — жаңбыр, +6 градус.

Дереккөз: sputniknews.kz

Сурет: © Sputnik / Виталий Аньков

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

суық ыстық
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир