|
15.01.2019 | 10:21
1424

Ақтөбеде оқушылар пышақтасқан: бірі мүгедек болып қалуы мүмкін

Ақтөбеде бір топ мектеп оқушысы пышақтасып, нәтижесінде біреуі ауыр жарақат алған. Енді ол өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық басылымы «Бірінші Еуразия» арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, қаладағы төрт мектептің шамамен 40 оқушысы төбелескен. Полицейлер төбелестің себебін анықтап жатыр. Мектеп оқушылары зираттың маңында төбелес шығарған.

Сюжетте бірінші курс студентінің үйге қансырап барғаны айтылады. Үйдегілері болса, жедел жәрдем шақыруға да қорыққан.

«Ұлым мектепке барған, ол жақтан мұғалімдер такси шақыртқан. Жалпы ол үйде оқып жүретін. Содан оны шақыртып алды. Сол жақта барлығы оны пышақтаған», - дейді зардап шеккен оқушының әкесі Нұрлан Тенелов.

Дәрігерлер оның көп қан жоғалтқанын айтады. Туыстарына оның мұндай жарақаттан соң өмір бойына мүгедек болып қалуы мүмкін екенін айтқан. Полициядағылардың мәліметінше, «Денсаулыққа зиян келтіру» мен «Ұсақ бұзақылық» баптары бойынша тергеу жүріп жатыр.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир