|
10.12.2018 | 10:34
1524

Шымкентте кондуктор екі әйелді автобустан итеріп шығарып жіберді (ВИДЕО)

Қоғамдық көлікте болған шулы оқиғаға жауапты мамандар түсініктеме берді.

Шымкентте ер адам лық тола автобустан екі әйелді жұлқып түсіріп тастағаны жайлы видео таралып жатыр. Бұл көрініс әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Видеоны түсіріп алған автор «Әйелдерді жұлқуға қандай қақысы бар? Әкімдік қайда қарап отыр?» деп жазба қалдырыпты.

Осыған орай Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жауап берді. Мамандардың айтуынша, оқиға №65 әлеуметтік бағыттағы қоғамдық көлікте болған, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жауаптылар аталған бағытта қызмет көрсететін компания өкілдерімен хабарласып, кондуктормен де, оқиғаның куәгерлерімен де сөйлесіпті.

Кондуктордың айтуынша, автобуста аяқ қоятын жер болмағандықтан есігі жабылмай қалған. Сол шақта екі әйел түсіп қалмақшы болыпты. Оларға жолаушылардың бірі көмек көрсетпек болған. Бірақ бұл жұлқып түсіргендей көрініп қалған. Автобустан түскен екі әйел жүргізушіге де, кондукторға да ешқандай шағымы жоқ екенін айтыпты.

Басқармадағылар бұрын бұл бағытта шағын автобустар қызмет көрсеткенін айтады. Кейін «Санжар моторс» ЖШС бағытқа 80 жолаушыға арналған жаңа автобустарды шығарған. Қазіргі уақытта №65 автобус 10 минут сайын жүретін көрінеді. Сыймай қалған жолаушылардың келесі автобусты күтуіне де болар еді дейді.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир