|
10.12.2018 | 11:04
1391

Өзбекстанда президент ауысқалы бері мыңнан астам шенеунік ұсталған

Өзбекстанда 1177 жоғары лауазымды шенеунік коррупцияға қатысы бар деген күдікпен ұсталған деп жазады centralasian.org.

Бұл жөнінде Өзбекстан Конституциясы күні қарсаңында өткен мерекелік шарада мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев мәлімдеген.

«Құқық қорғау органдары қаншалықты тырысқанымен, азаматтарымызға қарсы жиіркенішті құбылыс жойылмай келеді. Қоғамдық бақылау әрекетінсіз коррупциямен тиімді күрес мүмкін емес. Бұл зұлымдықпен тек қана құқық қорғау органдары емес, қоғам да қарсы тұру керек», – деген Шавкат Мирзияев.

Оның сөзінше, әрбір мемлекеттік мекемеде коррупциямен күресуде өзінің жеке бағдарламасы болу керек, ал оның жүзеге асуын қоғам бақылауы тиіс.

Өзбек президенті сонымен бірге АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Болгария, Грекия, Латвия, Эстония секілді елдерде жемқорлыққа қарсы арнайы комиссия мен комитеттер қызмет істейтінін атап өтті.

«Аталған тәжірибелерді есепке ала отырып, әрі біздің Конституцияда талап етілгендей, Олий Мәжіліс палатасынан коррупцияға қарсы комитет құруды ұсынамын. Бұл комитет барлық деңгейдегі мемлекеттік мекемелерде жемқорлықпен күресуге бірге атсалысу керек», – деді президент.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир