Түркістан облысында оқ-дәрі жасайтын екі адам ұсталды

Түркістан облысы Төлеби ауданында оқ-дәрі жасайтын екі адам ұсталды, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсталған бір күдіктінің үйін тінту барысында тапаншаға ұқсас қолдан жасалған екі қару және 70-тен аса оқ табылды.

«Болған оқиға ҚР ҚК 287-бабы: «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және «Қаруды заңсыз жасау» деген 288-бабымен СДТБТ тіркелді. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда күдіктілердің атысқаруын заңсыз жасаумен айналысу және сақтау мақсаты анықталуда.