|
26.09.2018 | 11:28
1132

Алматының бірқатар аудандарына суық су берілді

Алматының бірқатар аудандарында Талғар су таратқышын жөндеуге байланысты суық су беру уақытша тоқтатылған еді. Алатау, Жетісу, Түрксіб аудандарына жоспарланған мерзімнен бұрын толық көлемде су берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше кешқұрым белгіленген жүйемен су беріле бастады. Күндіз-түні жүргізілген жөндеу жұмыстарына 28 жұмысшы қатысты. Бригада дәнекерлеуші және сорғы құралдары сияқты арнайы техникалармен жұмыс істеді», - делінген «Алматы су» МКК баспасөз қызметі тартқан хабарламада.  

Қаланың бас су таратқышында 50 жылдан бері тұрған ілмекті-реттеуіш арматурды ауыстыру су жүйесін басқаруды жеңілдетіп, қаланың солтүстік және батыс аумақтарын сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

суық су
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир