12-18 мамыр аралығында «Алматы» телеарнасынан көретіндеріңіз

«Алматы» телеарнасы осы аптада болатын телехикаялар мен бағдарламаларды назарларыңызға ұсынады. 

Сұлтанның сенімінен айырылған сұлу. Салиқалы Сүлейменнің әмірі. Жазықсыз Хюрремнің жан айқайы. «Сүлеймен сұлтан» телехикаясы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 19:55-те «Алматы» арнасында. 

Жаман ой жан аздырады. Кең дүниені тар еткен қызғаныш. Десе де өмір иірімінен жол табылады. Дүйсенбі-бейсенбі аралығында  сағат 16:10-да.

Бұл жолы ел абыройы сынға түсуде. Өйткені, өмірдің өзі «Бәсеке». Дүйсенбі-жұма аралығында сағат 15:30-да.

Жері шұрайлы, шөбі шүйгін қазақтың байтақ даласы. Заманаға сай сәулет, жанға жайлы ғимарат. Әлемдік бәсекелер алаңы. Асқақ Алатаудың етегіндегі құпияға толы Алып шаһарды бірге аралаймыз! 13 мамыр, жексенбі 13:00-де  «Асықпайық» бағдарламасын жіберіп алмаңыз!


«Сен келерсің» үнді телехикаясы көрермендермен қайта қауышады. Дүйсенбі- жұма аралығында сағат 18:00-де.