|
24.09.2018 | 12:09
1703

«Apple» компаниясында қызмет істейтін моңғолиялық қазақ қызы

АҚШ-тан білім алған моңғолиялық қазақ қызы, жас инженер Әйгерім Сәулетханқызы әлемдегі алдыңғы қатарлы электроникалық Apple компаниясында бағдарламалық инженер қызметін атқарады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

montsame.mn агенттігінің мәліметіне қарағанда, ол 2017 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласында ІТ мамандығы бойынша білім алған. Жастайынан Парламент депутаты болуды армандаған ару өз өмірін ІТ саласы маманы ретінде бастады.

Ол өзінің осы биікке жетуіне туған шешесінің ерекше қамқорлығы арқасында жеткенін айтады.

«Apple» компаниясы 126 мың жұмысшысы бар алып өндіріс орыны. Солардың ортасында қазақтың қаршадай қызы да әлемге өз қолтаңбасын қалтыруға ұмтылып жүр.

Бір қызығы, Әйгерім аталған компанияда жұмыс істеуге қабілеті сай келген алғашқы моңғолиялық азамат. Тіпті, алғашқы қазақ қызы болуы да мүмкін.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир