|
19.10.2018 | 12:10
1611

Бойжеткен күйеу жігітінің мәйітіне тұрмысқа шықты

Филиппинде қайғыдан қан жұтқан бойжеткен марқұм жігітіне тұрмысқа шықты. Бұл туралы sputniknews.kz Coconuts ақпарат порталына сілтеме жасап жазды.

Неке қию рәсімі Исабела аймағындағы Кауаян қаласында өтті. 19 жастағы Зарин есімді филиппин бойжеткен марқұм сүйіктісінің жерлеу рәсіміне той көйлегін киіп келді. Кейін сүйіктісі Джейк Энтони Макадангдангтың қолынан ұстап, оған өмір бойы адал болып өтетінін жеткізді. Бірақ марқұмның қолы қатып қалғандықтан, неке жүзігін алақанына салып қойды.

Филиппин отбасы кодексіне сәйкес, жұптардың біреуі ауызша немесе жазбаша келісім бермесе, олар заңды түрде ерлі-зайыпты болып саналмайды. Ал жерлеу рәсімі алдында некелесу туралы бұл құжатта жазылмаған.

Бойжеткеннің күйеу жігітін өткен айда Аарон Кристиан Рейес есімді азамат өлтірген. Ол мотоциклде отырған Макадангданг пен оның достарын көлікпен қағып кетеді. Бұған дейін олар барда сөзге келіп, жұдырықтасқан екен. Жол апаты кезінде 8 адам зиян шекті.

Макадангданг мектепті енді ғана бітіріп, шетелде жұмыс істеп жүрген. Зарина екеуі мектеп кезінен бастап қыз-жігіт болып жүре бастаған. Оның отбасы күйеу жігітін ерекше жақсы көргендіктен, қыздарына мәйітке тұрмысқа шығуға рұқсат берген.

Мұндай рәсімдер Франция, Судан және Қытайда заңды болып саналады. Әдетте мұндай неке өткен күнмен тіркеледі.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир