|
20.10.2018 | 12:14
1274

«Канелоның» промоутері GGG-ға үшінші жекпе-жектің шартын айтты

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Геннадий Головкиннің «Канелоға» қарсы үшінші жекпе-жегі тек олардың талаптары орындалса ғана өтетінін айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл жолы мексикалық боксшының өкілдері GGG-ға «ал немесе кет» принципіне негізделген талабын қоймақ.  

«Эрик Гомес Том Леффлермен келіссөздер жүргізуде. Қазіргі кезде «Канело» 168 фунтқа көтерілді, түсініксіз себептермен Головкин олай ешқашан жасағысы келмеген. Егер 15 желтоқсанда «Канело» жеңіске жетсе, ол орташа салмаққа қайта оралып, үздіктермен қайта айқасатын болады. Ал Головкин айқасқысы келсе, оған ұсынылатын тиісті сома бар. Егер ол айқасқысы келмесе, онда біз басқа біреумен бокстастыратын боламыз. Мен Головкинға қандай сома ұсынатынымызды айта алмаймын, бірақ «Канело» қазіргі ұсынысқа өте риза. Головкин, өз істеріңді атқара бер, дайын болғанда, есігімізді қағарсың, біз де саған дайын боламыз», - деді Де ла Хойя Fight Hub-қа берген сұхбатында.

Еске сала кетейік,  «Канело» 15 қыркүйек күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) өткен реванштық айқаста жеңіске жетті. 

Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Айқас төрешілердің шешімімен тең аяқталды. Геннадий үшінші айқасқа да келісімін берді. Бірақ Альварестің командасы оны ұйымдастыруға асығып отырған жоқ. Сауль Альварестің келесі жекпе-жегі 15 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында өтеді. Оның қарсыласы WBA Super нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы чемпион Рокки Филдинг (27-1, 15 КО) болмақ.    

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир