|
25.09.2018 | 14:00
3563

Алматыдағы Сайран көлі жаңа кейіпке енеді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Сайран көлінің айналасын аралап көріп, келер жылы да абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Биыл су қоймасының батыс бөлігінің беткейлері реттелді, сатылы түсу жолы жөнделді, 7 гектар жер газондалды. Бұлардан өзге, жарық көздері орнатылды, асфальт төселіп, балалар және спорт алаңдары көріктендірілді. Осыған ұқсас жұмыстар шығыс бөлікте де атқарылды, көше жиһазы қойылып, жаңадан 130 жарық бағаналары орнатылды, workout алаңы мен жағалау волейболының алаңы көріктендірілді. Жүгіру мен велосипед тебуге арналған 5 шақырым жол жасалды», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде мегаполис әкімі келер жылы да өзен маңын абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды, ал аудан әкімдіктеріне өзенге жақын аумақтарды көріктендіру, спорт және балалар алаңдарының санын көбейтуді тапсырды.

Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биыл 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды. 300 шақырым арық салынды және жөнделді, 800 шақырым инженерлік желі тартылды.

Қаланың барлық жерасты өткел жолдары жаңарды. Жыл соңына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диод және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

сайран көлі
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир