|
24.09.2018 | 14:22
2590

Илон Масктың компаниясы Айға сапар шегетін алғашқы жолаушының есімін жариялады

2023 жылға жоспарланған саяхатқа аттанатын жолаушы – 42 жасар жапон миллиардері Юсаку Маэзава.

Айға сапар шегетін алғашқы туристің атын SpaceX-тің Колифорниядағы штаб-пәтерінде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұған дейін Илон мырза өз Твиттер парақшасында алғашқы туристтің жапон екенін айтып өткен болатын.

Бұл 1972 жылдан бергі адам жасаған алғашқы Айға саяхат болмақ. Дегенмен, барлығы әлі аяқталмаған зымыранға байланысты. Илон Масктың өзі де зымыранды саяхатқа дейін нақты құрап болатынына сенімді емесін де білдірген болатын.

Ұшырылу жүйесі 2016 жылы танытылған Big Falcon Rocket (BFR) зымыраны адамзаттың ғарышқа сапарына жол ашатын тарихтағы маңызды қадам болмақ.

Осыған дейін Айға 24 америкалық сапар шеккен. Олардың 12-сі Ай бетіне қонған, алайда бұл жолғы сапар Ай бетіне емес, еркін траекториядағы сапар болмақ. Жапондық миллиардер өзімен бірге 6 суретшіні де ала кететінін, олардың қайтып келгендегі туындылары басқаларын да тылсым мекенге саяхатқа шабыттандырғанын қалайтынын айтты.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир