|
27.09.2018 | 14:52
2961

«Бәйтерек» монументі жабылады

Астананың басты нышаны «Байтерек» монументі 1-ші қазаннан 7-ші қазанға дейін уақытша жабылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Монумент жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты жабылады.

Осы уақытта ғимараттың шыны құрылымы жуылады, ішіндегі қабырғалары әктеледі, сонымен бірге, шағын ақаулар жөнделмек. Сондай-ақ, монумент жылу науқанына дайындалады.

«Бәйтерек» қала тұрғындары мен қонақтары үшін 8 қазанда ашылады. Ол сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Бәйтерекке кіру құны 15 жасқа дейінгі балалар үшін — 500 теңге және ересектер үшін — 700 теңге.

Бұған дейін монументті жөнге келтіру жұмыстары 21-28 мамырда жүргізілген еді. Соңғы төрт айда 300 мыңнан астам адам «Бәйтеректі» тамашалаған.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Монумент
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир