|
10.10.2018 | 15:00
1342

Қателескен дәрігер науқасты алдап екі рет ота жасаған

Шотландияда хирург науқастың миындағы ісіктің орнына оның көз жасы безін алып тастаған. Сондай-ақ, дәрігердің осы әрекетін жасырып қалуға тырысқаны белгілі болды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Дәрігер Мучта Салем Эль-Джамель екі баланың 50 жастағы анасына ота жасау кезінде қателік жібергеннен кейін науқастың миында тағы бір ісік бар деп өтірік айтқан. Дәл қазір науқас Жюль Роуз 61 жастағы дәрігермен соттасып жатыр. Осы уақытқа дейін Мучта Салем өзінің тәжірибесінде бірнеше рет осыған ұқсас қателік жібергені анықталды.

2013 жылы Жюль Роуздың көзіне лазердің көмегімен ота жасалады. Кейін басында ісік бары анықталып, сол тамызда әйелге Эль Джамель екінші рет ота жасайды. Осы кезде нейрохирург жұмыс барысында жіберген қателіктері үшін басшылықтың бақылауында болған.

Әйелдің айтуынша, көпке дейін өзіне мықты мамандардың бірі ота жасады деп ойлаған. Тіпті, ауруханадан кейін де осы дәрігерге әртүрлі жолмен алғыс айтқан. Дәл қазір науқастың көзі құрғап, линзасын кие алмай жүр. Мұның себебі — дәрігердің ісікті алудың орнына көз жасы безін сылып тастауы.

Екі баланың анасы денсаулық сақтау кеңесінің хирургтың қателігінен кейін оған қалайша екінші рет мүмкіндік берілгеніне ашулы. Тергеу жүріп жатқанына қарамастан, дәрігер Америкаға көшіп, сол жақта нейрохирургиялық бизнес ашып алғаны белгілі болды.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир