|
25.09.2018 | 15:00
1393

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыстан шығарылды

Алматыда кондуктормен дауласқан №80 автобус  жүргізушісі жұмысынан кетті. Тексерушілер жүргізушінің жұмысынан заңбұзушылық анықтаған. Атап айтқанда, жүргізуші жолаушыларға билет бермеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жайтқа байланысты «Green Bus Company» ЖШС директоры Бауыржан Құлышев түсінік берді.

«Жүргізуші рейстен алынды. Көлікке басқа жүргізуші жіберілді. Тексеру барысында кондукторлар маршрутта жолаушыларға билет берілмегенін анықтаған», - деді Б.Құлышев.

Оқиғаға куə болғандардың айтуынша, жүргізуші автобуста дау шығарып, жолаушы толған көліктен шығып кеткен.

«Тәртіпсіздік көрсеткен жүргізуші жұмысынан шығарылды», - деді ол.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Қоғамдық көлік
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир