|
03.01.2019 | 15:42
10503

Жалаңаш төсін көрсеткен бойжеткеннің соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады (видео)

Төсін жалаңаштап, әлеуметтік желілерде «жұлдыз» болған бойжеткен Шырын Нарчаева соққыға жығылды деген ақпарат Instagram желісіндегі парақшаларда тарап кетті.

Жалаңаш денесіне ұлттық әшекелерді тағып суретке түскен тараздық ару Шырын Нарчаеваны дәретханада белгісіз екі қыз соққының астына алған. Алайда, нақты ұрып жатқан сәт көрінбейді, тек бірер секундтан соң мұрны қан-жоса болған бойжеткеннің жуынып жатқан сәті ғана түсірілген.

Аталған видеороликте көрініс тапқан оқиға қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз. Әлеуметтік желі қолданушылары мұны Шырынның тағы бір «еркелігі» дегенді айтады. 

Еске сала кетсек, Шырын Нарчаева желіде сәукелемен жалаңаш суретке түсіп, қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған болатын. Мұнан кейін қоғам шулап, құқық қорғау органдарынан бойжеткенді жазалауды талап еткен. 




Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир