|
19.12.2018 | 15:44
1712

Оралдық келіншек 5 жасар қызын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Оралда өз қызын өлтірді деп айыпталып жатқан келіншек қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының мәліметі бойынша күдікті әйелге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, екі айға қамауға алынды.

Келіншекке бес жасар қызын тұншықтырып өлтірген деген айып тағылып отыр.

Мұны Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады. Қазіргі кезде осы қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіп жатыр.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир