|
13.07.2018 | 17:11
1639

16-22 шілде аралығына арналған ауа райы болжамы

Алматыда күн салқындап, жауын-шашынды болады. Синоптиктердің болжамынша, алдағы аптада ауа температурасы аздап төмендеуі мүмкін.  

Дүйсенбі,  16 шілдеде жауын жаумайды. Күндіз ауа температурасы +35, түнде +21 градусты көрсетеді.

Сейсенбі, 17 шілде күні термометр бағаны күндіз +35, түнде +19 градусқа дейін көтеріледі.

Сәрсенбі, 18 шілде күні жауын жауады. Күндіз термометр бағаны +32, түнде +17 градусқа төмендейді. 

Бейсенбі, 19 шілдеде ауа температурасы күндіз +32, түнде +16 градус болады.

Жұма, 20 шілде күні термометр бағаны күндіз +33, түнде +21 градусқа дейін жоғарылайды. Күн ыстық болады.

Сенбі, 21 шілдеде күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз +33, түнде +18 градусты көрсетеді.

Жексенбі, 22 шілде күні термометр бағаны күндіз +33, түнде +18 градус болады.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир