|
19.10.2018 | 16:00
1553

Көзіне жас алған боксшы жанкүйерлерінен кешірім сұрады

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасының финалында жеңілген Талғат Шайкен қазақстандықтардан кешірім сұрады. Бұл туралы Olympic.kz жазады.


Боксшының айтуынша, ол төрешілер тарапынан әділетсіздікке ұшыраған.

«Қазақ елінің үмітін ақтай алмадым. Кешірім сұраймын! Финалда ұтылдым. Төрешілер осымен үшінші рет жеңісімді тартып алды. Бұл боксшыны үш рет жеңсем де, жеңісті бермеді. Өте өкінішті», - деді Талғат финалдан соң.

Еске сала кетейік, Талғат Шайкен 64 келі салмақта жасөспірімдер Олимпиадасының күміс медалін иеленді.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир