|
15.01.2019 | 16:07
8988

Қалам ұстауды енді үйренген сәби таңғажайып суреттер салады (ВИДЕО)

Бөбектің табиғи дарыны жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қалам ұстауды әлі дұрыс үйренбесе де, кішкентай қыз сызықтарды түзу сызып, әдемі суреттер салады. Қытайда түсірілген видеоны желіге бүлдіршіннің ата-анасы жариялап, оның ерекше қабілетін көрсеткісі келген екен.

Желі қолданушылары таңғалып, жас сәбидің тамаша туындыларына тәнті болды. Кейбірі үш жасқа дейін жазған шимай-шатпақтарын еске алып жатыр.

Бірақ жас суретшінің өнеріне күмәнмен қарағандар да табылды. Олардың айтуынша, видео жалған, ақ қағаздың астындағы түпнұсқаны кішкентай қыз жай ғана бастырып отырған болуы мүмкін. Тағы бір сыншыларға сүйенсек, суретті видеоны түсірмес бұрын салып қойған.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

суретші сәби
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир