|
25.09.2018 | 16:45
1011

Оралда жоғалған бойжеткен өлі күйінде табылды

Туысқандары мен полицейлер бір апта бойы іздеген бойжеткен Оралдан өлі күйінде табылды. 23 жастағы бойжеткен денесінің қайда екені күдікті қолға түскеннен кейін анықталды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Полицейлер 1986 жылғы күдікті ер адамды қолға түсірді. Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бойжеткеннің денесі табылғанын растап, ҚК «Кісі өлімі» бабы бойынша қылмыстық істің басталғанын хабарлады.

Бойжеткен 17 қыркүйек күні жоғалды. Полиция мәліметінше, оны соңғы рет автобус аялдамасынан көрген. Сол күні Ақсайға алып баратын такси күтіп тұрған. Бұл қала Оралдан 150 километр қашықтықта орналасқан. Полицейлермен бірге әлеуметтік желі арқылы бойжеткенді туыстары да іздеген болатын.

17 тамыз күні Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Ағыбай Смағұлов жоғалғаны туралы хабар тараған-ды. Күдікті қолға түскеннен кейін профессордың денесі Алматы облысынан табылды. Ер адам марқұм жерленген жерді көрсетті.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

Орал кісі өлімі
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир