|
02.10.2018 | 15:54
1568

Шымкентте бала зорламақ болған педофил 15 жылға сотталды

Шымкентте шілде айында 11 жасар балаға зорлық-зомбылық көрсетпек болған ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

33 жастағы азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотталды. Енді жазасын максималды қауіпсіз колонияда өтейтін болады. Жәбірленуші жеткіншек сот отырысына келмеген. Сотталушы баланың туыстарынан кешірім сұрап, өз әрекетіне өкінетінін жеткізіпті.

Естеріңізде болса, осыдан 5 ай бұрын Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде бейтаныс ер азаматтың ұл балаға шабуыл жасаған сәті бейнекамераға түсіп қалған болатын. Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан ер адамның жеткіншекті кіреберіске кіргізіп жатқанын, олардың баспалдақ жанында тұрғанын анық көруге болады. Ал сыртқы бейнебақылау камерасына жеткіншектің жан дауысын естіген әйел кісінің ер адамның соңынан қуып бара жатқаны түсіп қалған.

«Баланың жан дауысы шықты. Біреу баланы өлтіріп жатқандай болып көрінді. Есікті қолыммен қаттырақ ұра бастадым. Есік ашылғанда қарасам, бала еңіреп жылап тұр, денесі қан-қан. Басымнан ұрды дейді», – деп мәлімдеген еді жеткіншектің көршісі.  



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир