|
25.09.2018 | 17:00
1020

Астана тұрғыны 10-шы қабаттан құлаған баланы тосып алды

Астана тұрғыны 10 қабаттан құлаған 7 жасар баланы тосып алды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға Сарыарқа ауданының Жеңіс даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде 24 қыркүйек күні орын алған.

«10:16-да баланың 10-шы қабаттан құлап кетуі мүмкін деген хабарлама түскен. Елордалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімі 10:22-де оқиға орнына жеткен. Құтқарушылар жеткенше, 2012 жылы туған баланы тоғызыншы қабатта тұратын көршісі құтқарып алғаны анықталды. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы, ол ата-анасына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болмады», - деді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир