|
20.09.2018 | 17:49
2759

ҚазҰПУ студенттері жаңартылған бағдарлама бойынша білім алуда

Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінің студенттері жаңартылған мазмұндағы бағдарлама бойынша білім алуда. Соған байланысты тың оқулықтар мен пәндер енгізілуде. Бұл туралы аталған оқу орнының ректоры есеп беру кешінде мәлімдеді.

Университетте білім алуға ниет білдіретіндер саны да жыл сайын артып келеді екен.  

«Жаңа оқу жылында біздің студенттерді қабылдау санының артуы да Елбасының «5 әлеуметтік бастамасының» нәтижесі деп білеміз. Өйткені, 20 мемлекеттік білім грантын қосқан. Сондай-ақ, педогогикалық мамандықтарға қосылған 2 мың білім грантының белгілі бір бөлігі біздің университетімізге тиесілі болды», – деді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Тахир БАЛЫҚБАЕВ.      


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир