|
14.12.2018 | 19:36
1254

Денис Теннің өліміне қатысты іс сотқа түсті

Денис Теннің ісі сотқа түсті.

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жақын күндері мәнерлеп сырғанаушының өліміне қатысты істі қарауды бастайды.

38 томға арқау болған атышулы істі судья Кеңшілік Әбделдинов өндіріске қабылдаған. Дегенмен, соттың бірінші тыңдалымы қай күні өтетіні белгісіз. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айыпталушы орындығына үш адам шақыртылады. Олар: Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева. Күдіктілер Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тенді өлтірді деп айыпталып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, қанды оқиға 19 шілде күні болған. Денис Тен көлігінің айнасын ұрламақ болғандарды тоқтатам деп, ұрылардың қолындағы пышақтан жарақаттанады. Алайда, көп қан жоғалтқан спортшы сол күні кешке қайтыс болды.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир