|
02.04.2018 | 10:19
1848

2-8 сәуір аралығында «Алматы» телеарнасынан көретіндеріңіз

«Алматы» телеарнасы осы аптада болатын телехикаялар мен бағдарламаларды назарларыңызға ұсынады. 

Ұлы Османлы империясының дәуірлеген шағы. Кеудесін ешкімге бастырмаған падишаһ. Дүрілдеген династия тарихы. Көсемнің көңілінен шыққан күң. Сүлеймен Сұлтан қазақ көрерменіне қайта оралады! Дүйсенбі-жұма 19:55-те.

Әділдікті берік ұстанған. Жақындарына жаны ашитын сырластар басы базарда бірікті. «Достық жәрмеңкесі» дүйсенбі-жұма күндері 15:30-да.

Тұрмыстың тарлығы: Түтін түзу шықпағанда 

Шынайы сезім:Сезімге сенім керек 
Кикілжің: Қуаныш пен қайғы қатар келгенде 

Татулық: Бірлік берекенің бастауы 

Үміт үзбе: Шешілмейтін түйін жоқ. Дүйсенбі-бейсенбі аралығында «Өмір Иірімі» бағдарламасы «Алматы» телеарнасында. 


Күмбірлеген күй – құдырет. Жыр, терме – бабалар тілегі. Атадан балаға қаймағы бұзылмай жеткен ұлттық өнерді алқалы әлеуметке боямасыз ұсынамыз. Ұлттың музыкасы – ұлттың «Інжу-маржаны»  7-сәуір, сенбі 12:30-да.

Ерлі зайыптылар арасындағы тылсым сыр. Әпке мен сіңілі арасындағы өшпенділік. Ақ пен қараны ажырата алмаған қос тағдыр. «Уәде беремін» телехикаясы дүйсенбі-жұма аралығында 18:00-де. 

Жаңа маусымда ЖАҢАЛЫҚТАР жаңа уақытта! 2-сәуірден бастап «Қорытынды жаңалықтар» сағат 19:00-де. Ең өзекті, әрі маңызды ақпараттар «Алматы» арнасында. 

Жері шұрайлы, шөбі шүйгін қазақтың байтақ даласы. Заманаға сай сәулет, жанға жайлы ғимарат. Әлемдік бәсекелер алаңы. Асқақ Алатаудың етегіндегі құпияға толы алып шаһарды бірге аралаймыз! 8-сәуір, жексенбі 13:00-де «Асықпайық» бағдарламасын жіберіп алмаңыз!


«top жарған»-нан ТАРТУ!

Бағдарлама кейіпкерлері қойған сауалға дұрыс жауап берген көрерменге ТОСЫН СЫЙ ұсынылады!

Әлемге әйгілі «ALASH PRIDE» спорт клубы атаған сыйлықты иемденгіңіз келсе, сенбі күні сағ. 21:00-де (қайталау – жексенбі күні сағ.23:00) «Almaty TV» телеарнасын қосыңыз!

Қапыда қалмаңыз!


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир