Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

Алматы облысында үш әйелді өлтірген қылмыскерге үкім шықты

Алматы облысы Жамбыл ауданының үш адамды өлтірді деп айып тағылған тұрғынына үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың үкімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – делінген Алматы облыстық сотының мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, жан түршігерлік қанды оқиға үстіміздегі жылдың 25 наурызында болған еді. Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы үйлердің бірінен үш әйелдің денесі табылған. Олардың барлығы - бір отбасы мүшелері болып шыққан. 88 жастағы әжей, оның 51 жастағы қызы және 24 жастағы туыс немересін қыздың жігіті айуандықпен пышақтап тастаған.

Көршілердің айтуынша, Алматы-2 теміржол вокзалының кассасында жұмыс істейтін қыз жігітімен жанжалдасып қалады. Ашу үстінде 22 жастағы жігіт үш әйелді бауыздап тастайды. Артынша өзіне де бірнеше жерінен пышақ салып, жанына батқан соң дәрігердің көмегіне жүгінген.