|
02.11.2018 | 19:45
6601

«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасының тиімділігі неде?

Қазақстанда «Баспана Хит» жаңа ипотекалық бағдарламасы бойынша несие беріле бастады. Жаңа тұрғын үй бағдарламасының іске қосылғаны туралы «Баспана» ипотекалық ұйымы хабарлады. Кезекті бағдарлама қарапайым халық үшін несімен тиімді болмақ? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын «Баспана» Ипотекалық Ұйымы» сыртқы байланыс қызметі басшысының орынбасары Айбар Қайнарұлы ОЛЖАЙДАН сұрап-білген едік.

– Айбар Қайнарұлы! Алғашқы сауал: «Баспана Хиттің» «7-20-25» бағдарламасынан айырмашылығы неде?  

– «7-20-25» аты айтып тұрғандай, 7 пайыз жылдық мөлшерлемесі болса, «Баспана Хит» бағдарламасында жылдық мөлшерлеме 11 пайызды құрайды. Ал Ұлттық банктің базалық ставкасы 9,25 және 1,75 пайыздан құралады. Алғашқы айырмашылығы осында. Демек жылдық мөлшерлемелері әртүрлі. Сонымен қатар, «7-20-25» бағдарламасының несие мерзімі 25 жылға дейін созылған, ал «Баспана Хит» бағдарламасында несие мерзімінің ең шекті мерзімі – 15 жыл. Сонымен бірге, алғашқы жарна екеуінде де 20 пайыз. Бірақ «Баспана Хитте» 20 пайыздан жоғары жарнаны құюға да мүмкіндік бар. Ең үлкен айырмашылығы – «Баспана Хит» нарықтық бағдарлама. «Баспана» ипотекалық ұйымының өзіндік бағдарламасы. Өздеріңіз білесіздер, «7-20-25» бағдарламасында тек қана жаңа бастапқы үйді алуға рұқсат берілген. Ал «Баспана Хит» бағдарламасы тиісінше, ескі, қолданыста болған үйлерді алуға мүмкіндік береді. Негізгі басты айырмашылықтары осында.

–  Ал бұл бағдарлама қандай топтарға арналған?  

– Менің ойымша, «7-20-25» бағдарламасына әлдебір себептермен ене алмай қалған немесе оған шарттары сай келмей қалған азаматтар «Баспана Хит» бағдарламасымен ипотекалық несие ала алады. Ең бірінші мүмкіндігі, мысалы, атыңызда үй болса сіз «7-20-25» бағдарламасымен үй ала алмайсыз. Ал «Баспана хит» бағдарламасы бойынша өз атыңызда үй бола тұрып, сіз қосымша бағдарламаға қатысып тағы ипотека ала аласыз. Тағы бір үлкен мәселе, қазіргі таңда жаңа үйге деген сұраныс көптеп байқалады. Бірақ жаңадан салынып біткен үйлер барлық азаматтардың сұранысын қанағаттандыра алмайды, жетпей жатыр. Сондықтан «Баспана Хит» қолданыста болған үйлерді беру арқылы халықтың осы сұранысын жеңілдетуге үлкен мүмкіндік береді.  

– «Баспана Хит» бағдарламасы арқылы қанша банк ипотекалық несие береді?  

– «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша қазіргі таңда 5 банкпен қосымша келісімшарт жасалды. Негізі бағдарламаға қазіргі біздің жоспарымыз бойынша 7 банк қатысады. Бесеуі қазірдің өзінде келісімшарт жасасты, қалған екеуі алдағы уақытта, Жаңа жылға дейін осы бағдарламаға қосылатын болады. Демек, «Баспана Хит» 7 банкпен толықтай жұмыс істейді. Қазір екі банк өтінімдерді қабылдап несиелерді бере бастады.

– Жауабыңызға рахмет!


Тоғжан Жалғасбекқызы, «Алматы» телеарнасы



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

пәтер несие
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир