Ыңғайлы мобильді
қосымшаны қолданыңыз:
cоңғы жаңалықтар, видео-материалдар және телебағдарламалар

2017 жылдың күз айында атқарылған жұмыстар

2017 жылдың күз айы елеулі істер тындырылды. Небары үш айдың ішінде 8 бағыт бойынша автобустар жаңартылып, 6 тегін сырғанау алаңы ашылды.  Сондай-ақ, 40 жылдың ішінде алғаш рет жаңа жеңіл атлетикалық стадионы пайдалануға берілді. Ауыз суға жарымай отқан үш елді мекенге сумен қамтылды. Алып шаһар әуежайында жаңа ұшу алаңы жөндеуден өтіп, қайта ашылды. Алматының ажарын айшықтай түсетін екі мыңнан астам көшет отырғызылды.

Алматыда 8 бағыттағы автобус қайта жаңартылды

Алматыда 8 бағыттағы автобустар су жаңа көлікке алмастырылды. Енді қала тұрғындары экологиялық таза, заманауи үлгідегі транспортпен қатынайды. Олар №86, 70, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттағы қоғамдық көліктер. Сонымен қатар, №77 бағыта автобус қайта жолға шықты. Жыл аяғына дейін Алматы қаласының әкімдігі мегаполистің автобус паркінің 30%-ын жаңартуды жоспарлап отыр. Мұндай транспорттық реформаны жүргізуді дамыған елдер осыдан 35 жыл бұрын бастаған екен. Жалпы мұндай жаңашылдықтар Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының стандарттарына толықтай сай келеді.

Алматыда тегін 6 сырғанау алаңы  ашылды

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін 6 сырғанау алаңы ашылды.  Олардың біріншісі –Жандосов көшесіндегі "Дубок" ықшам ауданында орналасқан. Жалпы ауданы 924 шаршы метр. Ал екіншісі -  Түрксіб ауданындағы "Март" сауда орталығының жанында. Сырғанау алаңының жалпы көлемі 722 шаршы метр. Үшінші – Бостандық  ауданында "Вилла дей Фиори" кешенінің маңында орнатылған. Көлемі 600 шаршы метр. Төртіншісі – Медеу ауданындағы "Спартак» стадионында 800 шаршы метр жерге жасақталған. Бесінші – Алатау ауданы "Саялы" ықшам ауданында, ал алтыншысы – Наурызбай  ауданы №174 гимназия маңында орнатылған.

Жоғарда аталған сырғанау алаңдарында кез келген қала тұрғыны мен қонақтары тегін сырғанай алады.

Алматы әуежайында жаңа ұшу және қону алаңы ашылды

Алматы әуежайында жаңа ұшу және қону алаңы ашылды. Мұнда екі жаңа жылдамдық жолы жасалып, жарық сигналының жаңа жүйесі орнатылды. Сонымен қатар, электр жабдықтар толық алмастырылды. Жарық сигналының жаңа жүйесі категроияларының талаптарына сай. Енді ұшақтарды көру мүмкіндігі шектеулі кезде де қабылдай алады. Себебі, горизонтальды көрінісі кем дегенде 75 метір, вертикалды көрінісі  0. Енді ұшақтардың ұшып, қонуына ауа райы еш әсер тигізе алмайды.

Айта кетейік, әуе жолақтарының арқасында жұмыс тиімділігі де артып, әуе кемелерін қабылдау жақсарды. Келер жылы аэродромда сағатына 24  ұшып-қону операциясын жасауға мүмкіндік туады.

Алматыда коммуналдық қызмет пен полиция автопарктері жаңа техникамен толықты

Алматының коммуналдық қызметтері қытымыр қысқа дайын. Биыл жергілікті бюджет есебінен қар тазалау жұмыстарына қосымша 65 жаңа техника сатып алынды. Самсаған жаңа техниканың қатарында магистральді көшелердің қарын күрейтін үш көпфункционалды машина, 14  КАМАЗ шассиіндегі құрамалы тазалағыш көліктер, 16 поник техника мен 20 мини трактор бар. Сондай-ақ жұмысшыларды тасу үшін 10 автобус сатып алынған.

Алматыдағы қардан аршылатын көше аумағы 20 миллион шаршы метрден асады. Қыста көше тазалауға 15 мердігер ұйым, 1 мың 1116 арнайы техника бірлігі жұмылдырылмақ.

Сондай-ақ, алып шаһар тыныштығын күзететін полиция қызметкерлеріне газбен жүретін 200-ден астам жеңіл автокөлік берілді.  Оның төртеуі арнайы жасаққа берілген жүк көлігі мен автобус болса, 34-і эвакуатор машина. Ал қалғаны жеңіл көліктер.

Алматыда қайта жасалған көшелерге ағаш отырғызылды

Биыл Алматыда 26 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Олар жөндеуден өткен Панфилов, Жібек жолы, Қабанбай батыр, Гоголь көшелерінің бойына  егілген. Алда уақытта қаланың көркін кіргізетін 5 мың жасыл желек отырғызу жоспарлануда. Сондай-Ақ, биыл 11 мың шаршы метрге гүлзар салдыҚазіргі таңда, Меңдіқұлов көшесінің бойына 15 ағаш, көлік тұрағы болған Назарбаев даңғылының бойына 31 терек егілді. Алдағы уақытта «Туған жер»  бағдарламасы бойынша жаңарған бес көшеде аллеялы және пейзажды 2312 ағаш, 3 мыңнан астам бұтақтар мен көптеген гүлзарлар отырғызу жоспарланған. Ағаштың басым көпшілігі осы айда, ал қалғандары көктемгі маусымда отырғызылады. Жоба авторларының айтуынша, көктемге қарай алматылықтар керемет көріністің куәгері болмақ.

Алматыда жеңіл атлетикалық стадион салынды

Алматыда атлетикалық стадион ашылды. Аталмыш алаңның жалпы аумағы 39 мың шаршы метрді құрайды.  Мұнда жеңіл атлетиканың 47 түрімен айналысып, футбол тебуге болады.   Ашық стадионда 100, 400 метрлік 6 жүгіру жолы, ұзындыққа және биікке секіретін алаңдар, ядро, диск, найзағай лақтыруға лайықталып жасалған аймақтар да қарастырылған.  Шығысына жиналып, қайта жасалатын 300 орынды заманауи мінбе де бар. Стадион «Алматы Арена» мұз сарайының артында орналасқан.

Наурызбай ауданындағы үш елді мекенге су берілді

Наурызбай ауданында 30 мыңға жуық тұрғын ауыз суға қол жеткізді. Жаңа инженерлік желілердің іске қосылуы арқасында «Алты алаш», «Қалқаман-2» елді мекендеріндегі жеке сектордағы 5 мың үйге су берілді. Орталық су желісіне қосылу «Қалқаман-3» ықшам ауданынан басталды.  Қазіргі таңда мұнда 560 жеке үй таза ауыз суды пайдалануда.

Сондай-ақ, мұнда кәріз жүйесі де жаңартылды. Енді үш ауданның халқы 1 текше метр су үшін 55 теңге, ал кәріз қызметін қосқан соң 28 теңге көлеміндегі тарифпен төлем жасай бастайды. Алдағы уақытта мемлекетті тарапынан 209 км жаңа су және кәріз құбырларын жүргізілмек.