|
15.12.2017 | 18:36
2327

2018 жылға дейін салық төлемегендер айыппұл арқалайды

Келесі жылға дейін салықтан құтылуға асығыңыз. Әйтпесе өсімпұлдан бөлек, 20 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Әлеуметтік желіде дәл осындай хабарлама кең таралып кетті. Алайда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп отыр. Дегенмен, мемлекет алдындағы қарызды тездетіп төлеген абзал. Себебі өсімпұл арта береді.

«Мерзімдерді айтатын болсақ, көлік салығы мысалыға, 2017 жылдың 31 желтоқсанынан  кешіктірмей төлену керек. Бірақ желтоқсанның 31-і жексенбіге түскеннен кейін оларды ертерек төлеу керек. Мүлік және жер салығын айтатын болсақ салық заңнамасына өзгерістер енгізілді. Бір жылға шектетілді, ыңғайлау үшін. Жер және мүлік салығын келесі жылдың 1 қазанына дейін төлеу керек», - деді Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру басқармасының басшысы Заңғар ШЫНДАЛИ. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир