Астанада республикалық ақындар айтысы өтеді

Астананың 20 жылдығы мен Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 16 және 17 желтоқсан күндері елордада «Астанам, сенсің айбарым» атты 7-ші «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтеді.

Мәдени шараға елдің әр аймағынан жалпы саны 20 ақын қатысады. Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі үздік деп танылғандарға «Алтын домбыра» жүлдесі мен 5 миллион теңге сыйақы дайындап отыр. Сөз бәйгесінің мақсаты – ұлтымыздың ұлы өнері, бабалармыздан қалған мәдени мұра, төл өнеріміз – айтысты дәріптеу.

«Бұл жолы айтысқа қатысатын 20 ақынның ішінде бүгінгі қазақ айтыскерлерінің ішіндегі ең таңдаулы өкілдерінің бәрі бар», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденің иегері Жүрсін ЕРМАН.