|
07.12.2018 | 20:56
1438

Астанада Қошқар Ата әулиеге арналған күй мен бейнебаян таныстырылымы өтті

Астанада Қошқар Ата әулиеге арналған күй мен туындыға түсірілген бейнебаянының таныстырылымы өтті.

Күй Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай шыққан. Шараға идея авторы мен шығармашылық топтың жетекшісі, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бейнебаян өскелең ұрпақты, әсіресе балалар мен жасөспірімдерді рухтандыру үшін анимациялық түрде жасалған.

Айта кететін жайт, келер жылы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында І Халықаралық Қошқар Ата экспедициясы өз жұмысын бастамақ.

«Бейнебаянда Темірдулат деген есіммен көпшілікке танымал болып келе жатқан талантты жас күйшінің шығармасы орындалды. Басқа ешқандай қосымша актерлар немесе өнерпаздар  болған жоқ», – дейді шығармашылық топтың жетекшісі, журналист Ілияс НАРҒОЗИЕВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир